2022 жылғы 14 қарашада емхана залында Дүниежүзілік қант диабетімен күрес күніне (14 қараша) орайластырылған «Өзіңді қант диабетінен қорға» акциясы өтті, ол азаматтардың қант диабеті проблемасы туралы хабардарлығын арттыруға, диспансерлеуден және профилактикалық медициналық тексеруден уақтылы өту қажеттілігіне, салауатты өмір салты қағидаттарын сақтауға, белсенді өмірлік ұстанымды таңдауға, аурулардың пайда болу қаупін азайту мақсатында зиянды тамақ, алкоголь және темекі тұтынудан бас тартуға, сонымен қатар қант диабетінің алғашқы белгілерін және олар пайда болған жағдайда әрекет ету тәртібін білуге бағытталған. Акция барысында барлық ниет білдірушілер қандағы глюкоза мен қан қысымын өлшеді, кеңестер өткізілді және ақпараттық-білім беру материалы таратылды. .