Дүниежүзілік инсультпен күресу күніне орай (29 қазан) «Білгеніңіз - ұзақ өмір сүргеніңіз» Ұлттық бағдарламасы аясында «№1 қалалық емхана» ШЖҚ КМК-да инсульт туралы азаматтардың хабардарлығын арттыруға бағытталған, сонымен қатар инсульттің бастапқы белгілерін білу және ол туындаған жағдайда шұғыл әрекет ету тәртібін білу мақсатында уақытылы диспансеризациялаудан және профилактикалық медициналық қарап-тексеруден өтудің қажеттігі, саламатты өмір салтын ұстану, белсенді өмір позициясын ұстану, зиянды тамақ өнімдерін пайдаланудан, алкоголь өнімдері мен шылым шегуден бас тарту туралы бірқатар іс-шаралар өткізілді. Санбюллетеньдер, санитарлық бұрыштар, сұрақ-жауап тақталары ресімделді.
Емханада және учаскелерде әңгімелесулер, сұрақ-жауап кештері, Денсаулық мектептерінде сабақтар, семинар, конференциялар өтті. .