KZ

RU
626-226 (Call-Орталығы)

150000 Петропавл қаласы, М.Әуезов к-сі, 130


        «№ 1 қалалық емхана» ШЖҚ КМК-нің
                         ресми сайты

Вакцинациялау - қызылшадан жалғыз, тиімді және қауіпсіз қорғаныс - денсаулық сақтау Министрлігі


Қазақстанда 2023 жылғы 1 қыркүйекте қызылша ауруының 4306 жағдайы тіркелді, оның 3581-і немесе 83%-ы 14 жасқа дейінгі балалар.

Эпидемиологтар атап өткендей, инфекциялық ауруды жұқтырудың 70% немесе 3006 жағдайы вакцинацияланбаған балаларға тиесілі, оның ішінде вакцинациялаудан бас тарту себебінен – 1 714, медициналық қарсы көрсетілімдер – 572, егу жасына жетпеу – 648, өзге себептер – 72. Вакцинациялау мәртебесі белгісіз адамдар 18% немесе 772 жағдайды құрайды.

Осылайша, қызылша ауруының өсуін тіркеудің негізгі себебі - қызылшаға қарсы жоспарлы егулерді алмау.

Алматыда қызылша ауруының ең жоғары деңгейі (1215 жағдай), Жамбыл облысы (541 жағдай), Алматы облысы (520 жағдай), Шымкент (501 жағдай) және Астана қаласы (314 жағдай).

Қызылша ми қабығының қабынуы (энцефалит – 1-4%), өкпе (пневмония – 1-6%), құлақ (отит - 7-9%) сияқты асқынулармен қауіпті екенін есте ұстаған жөн, ауру өлімге әкелуі мүмкін. Қызылшаны емдеудің нақты әдісі жоқ.

Қызылша профилактикасының жалғыз сенімді құралы - уақтылы вакцинациялау. Балаларды жоспарлы иммундау 1 жаста және 6 жаста жүргізіледі.

Вакцинациялау үшін "Serum Institute of India» шығарған қызылшаға, қызамыққа және паротитке (ҚҚП) қарсы аралас вакцина қолданылады. Бұл вакцинаны өндіруде өндірілетін вакциналардың сапасы мен қауіпсіздігіне кепілдік беретін ДДҰ алдын ала біліктілігі бар.


Возврат к списку


626-226 (Call-Орталығы)

150000 Петропавл қаласы, М.Әуезов к-сі, 130


Мобильное приложение для записи на прием: