ru
ru
626-226 (Call-Орталығы)

150000 Петропавл қаласы, М.Әуезов к-сі, 130


        «№ 1 қалалық емхана» ШЖҚ КМК-нің
                         ресми сайты

Профилактика бөлімшесі

Профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімшесінің мамандары БМСК аясында, амбулаторлық жағдайда, үйіне барып қызметтер көрсетеді:

  • №685 бұйрыққа сәйкес профилактикалық және скринингтік бағдарламаларды жүзеге асыру;
  • Саламатты өмір салтын қалыптастыру қызметімен өзара сабақтастық жұмысты ұйымдастыру;
  • Саламатты өмір салтын қалыптастыру бойынша мінез-құлықтық қауіпті факторлары бар тұлғалармен сабақтар өткізу:
    • Қант диабеті мектебі;
    • Артериялық гипертония және жүректің ишемиялық ауру мектебі;
    • Жас ана мектебі;
    • Мінез-құлықтық қауіпті факторлар бойынша мектеп;
    • Отбасын жоспарлау кабинеті.
  • Психологиялық көмек және арнайы әлеуметтік қызмет көрсету:
    • Психологиялық денсаулықты қалпына келтіруге және науқасты жеке тұлға ретінде дамытудағы ауытқуларды түзетуге бағытталған жұмысты өткізу;
    • психопрофилактика, психотүзету бойынша жұмыс жүргізу, науқастарға психологиялық көмек беру;
    • науқастарға және олардың туыстарына жеке, кәсіби және тұрмыстық проблемаларын шешуде көмек беру;
    • медициналық, әлеуметтік психология және деонтология мәселелері бойынша медициналық персоналды оқыту жұмысын өткізу;
    • науқастың қоршаған ортамен оңтайлы байланысын қамтамасыз ету (проблемалардың диапазоны кең – жеке тұлға ретінде қалыптасуы мен құжаттарын қалпына келтіруден бастап психикасы бұзылған науқасты оқытуды ұйымдастыруға дейін);
    • күйзелісті жағдайында өзіне көмектесуі және жақындарының қолдау көрсетуін оңтайландыру;
    • медициналық мекеме қызметкерлерінің науқастың отбасымен және жақындарымен байланысын қамтамасыз ету;
    • науқастың (пациенттің) ауруы қайғылы аяқталған жағдайда туыстары мен жақындарына қолдау көрсету;
    • халыққа медициналық-әлеуметтік-психологиялық білім беру;
    • әкімшілік қолдау бағдарламалары .
  • Кезең-кезеңмен профилактикалық байқаудан өткізеді:
    • Өндірістік кәсіпорын қызметкерлерін;
    • Жұмысқа тұру, оқуға түсу кезінде;
    • Тұрақты тұруға анықтамаларды ресімдеу кезінде;
    • Жүргізуші комиссиясы;
    • Жеке медициналық кітапшаны ресімдеу;
    • Бассейнге анықтама ресімдеу;
    • Қару алып жүруге рұқсат.

626-226 (Call-Орталығы)

150000 Петропавл қаласы, М.Әуезов к-сі, 130