ru
ru
626-226 (Call-Орталығы)

150000 Петропавл қаласы, М.Әуезов к-сі, 130


        «№ 1 қалалық емхана» ШЖҚ КМК-нің
                         ресми сайты

Басшының блогы

Құрметті блогыма келушілер!

11774.jpg

Блогымда Сіздермен сұхбат жүргізе алатыныма шын жүректен қуаныштымын!

Осы интерактивті ресурс Сіздермен ашық сұхбаттасудың, денсаулық сақтауды дамыту мәселелерін және біздің емханада сапалы медициналық қызмет көрсету мәселесін талқылаудың оңтайлы алаңы болады деп сенемін.

Мен және менің әріптестерім, сындарлы сұхбат жүргізуге дайынбыз. Біздің құзырымызға қатысты қойған сұрағыңыздың бірде-бірін жауапсыз қалдырмауға тырысамыз.

Біздің емханадағы медициналық көмек көрсету мәселелеріне көңіл бөлгеніңізге және біздің азаматтардың денсаулығын жақсарту бойынша сындарлы ұсыныстарыңыз үшін Сіздерге ризашылық білдіремін.

Бәріміз бірлесіп қана медициналық қызмет көрсету деңгейін көтереміз, тіркелген халықтың денсаулығын нығайтамыз және азаматтарымыздың өмір сапасын жақсарта аламыз.

Блогқа қош келдіңіздер және қарым-қатынасымыз екі жақты тиімді болсын!



Құрметпен,
«№ 1 қалалық емхана» ШЖҚ КМК бас дәрігері
Светлана Кашенцева


  • Архив

    «   Февраль 2018   »
    Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
          1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28        

Жаңа 2018 жылмен

Құрметті  қала тұрғындары мен  қонақтар!

Сіздерді келе жатқан  Жаңа  2018 жылмен шын жүректен құттықтаймыз. Баршамыз жаңа 2018 жылмен бірге ізгі  жаңалықтардың келуін күтеміз. Келер жаңа 2018 жыл  Сіздің барлық  кәсіби жоспарларыңызға  ақ жол ашып, мол табыстар ала келсін, жетістіктерге толы болсын.
Сіздерге зор денсаулық, қуаныш пен шаттыққа толы ұзақ ғұмыр, отбасыларыңызға бақ-береке, ашық аспан, шуақты күндер тілейміз.
Керегелеріңіз кеңейіп, шаңырақтарыңыз биіктей түссін!
Әрбір жаңа бастамаларыңыз тек қана жеңіс пен  сәттілікке  жеткізе  берсін!
Табалдырықтан аттағалы тұрған Жаңа жыл табысты да тағылымды жыл болсын!

Отан қорғаушылар күнімен!

cc7f872b927685bd850900fb3e333148.jpg

Отан қорғаушылар күні Қазақстанда жыл сайын 7 мамыр күні атап өтіледі. Осы күні ел Президенті Қазақстан Армиясын құру туралы қаулыға қол қойды.
Құрметті жігіттер! Сіздерді шын жүректен ерлер мерекесі - Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймыз. Бұл ерлік, батырлық, қайсарлық мерекесі. Сіздерге мықты денсаулық, жеңіл емес жолдарыңызда табыс, мықты ер рухын және өмірде барлық ойлағандарыңыз бен тілектеріңіздің іске асуларын тілейміз.

Халықаралық акушерлер күні

Акушерлер ең маңызды – дүниеге келу құпиясына қол ұшын береді.  Сіздердің епті және қайырымды қолдарыңыздың арқасында әйелдер ана болады және сәбилер жарық дүниеге келеді. Бүгін тамаша мереке – Халықаралық акушерлер күні. Сіздерге күнде қолдарыңызда жаңа өмірді ұқыптап ұстағандарыңыз үшін алғыс айтқымыз келеді. Жұмыстарыңыз тек қуанышқа, өмірлеріңіз бақыт пен молшылыққа толы болсын.

e612e1505e8d36c58aece5a80b0dcbd3.jpg

Қазақстан халқының бірлігі күні

9e0a540f33fc205cc16f09fff821dc34.jpg

Наурыз мерекесімен!


59593dcb87728e7e3b06030ffc737ee4.jpg

Шығыс халқының үлкен мейрамы – Наурыз – бірлік, бейбітшілік, мейірімділік пен бақыт мерекесі. Сіздерге достық, бірлік, ынтымақ пен келісім тілеймін. Атаулы мереке Сіздерге  мол бақыт пен қуаныш, бейбітшілік пен табыс   әкелсін! Сіздерді мерекемен шын жүректен құттықтаймын!

8 Наурыз!

5b0f4bef87f1e0b2d46cf6860b503af3.jpg

Жаңа 2016 жылдарыңызбен!

Құрметті достар, біздің қаламыздың тұрғындары!

Біз сіздермен жаңа 2016 жылға аяқ басқалы отырмыз.

Осы ғажайып мерекені қарсы алу-біздің ең жылы, жүрек-жанды дәстүріміздің бірі. Ол барлығымызды біріктіре отыра, ұрпақтан ұрпаққа беріледі. Өткен жылы көп жетістіктерге жеттік: біздің еліміз кейбір жағынан жақсы, бай, қолайлы, халыаралық істерде өз мүддесін табандылықпен қорғай алатын болды. Сондықтан бүгін біз, ештеңеге қарамастан, келе жатқан жаңа жылға шын ниетпен қуанамыз, болашақта үмітпен және армандармен қарсы аламыз.

Біз болашаққа сеніммен қараймыз, жақсылыққа, табыс пен сәттілікке шын жүректен сенеміз. Қайырымдылықтың өздігінен келмейтінін білеміз: ол алға қойған мақсатты міндетті түрде жүзеге асыруға талпыныстан, жеке істер мен қызу еңбек нәтижесінде жүзеге асырылады. Осы нәтижеден Қазақстанымыздың тағдыры салынады, ал өз отбасыңа, балаларыңа, ата –аналарыңа қамқор біз тұратын, жақсы көретін және оның табысқа жеткенін, гүденіп жатқанын көргіміз келетін біздің елімізге деген жауапкершілікпен тығыз байланысты.

Сіздерге денсаулық және бақыт тілейміз. Әрбір үйде көп жақсылық болсын, әрбір отбасында келісім мен жақсылық орнасын!

Жаңа 2016 жылдарыңызбен!


Конституция күнімен!

ade4d2957b46b836bcfe6b385e6285a2.jpg

Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймын.

Конституция – мемлекет тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі, әрбір қазақстандықтың құқығы мен еркіндігінің кепілі.

Сіздерге ертеңгі күнге сене қарауды, позитивті ойлауды, әр өмір сәтін қуанышпен өткізуді тілеймін.


Жеңіс күні. 70 жыл

c123dde49d5e084236ccb68f885f714f.png
Ұлы Отан соғысының ардагерлерін және тыл еңбеккерлерін Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 70-жылдығымен шын жүректен құттықтаймын!

Құрметті ардагерлер! Жеңістің 70-жылдығымен!   Бүгінгі бейбіт өмір мен балалардың  шаттық күлкісі үшін, соғыстан кейін туған ұрпақтың  Отан соғысы  дегенді білмейтіндігі үшін  Сіздердің алдарыңызды басымызды иеміз!

Сіздердің көрсеткен ерліктеріңіз, отансүй­гіш­тіктеріңіз, бірліктеріңіз, бау­ыр­малдық және ынтымақтастық қасиеттеріңіз бүгінгі күнге дейін ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан үлкен құндылық  болып  табылады!   Жеңіс   үшін өмірлеріңізді  оққа қарсы  қойып, үлкен ерлік жасадыңыздар! Бүгінгі күні көпшілігі біздің жанымызда  жоқ.    Бірақ біз  олардың  жауынгерлік қаһармандығын ешқашан ұмытпаймыз!

Сіздерге денсаулық, жан жылуы мен жақындарыңыздың ілтипаты мен қамқорлығына бөленулеріңізге тілектеспін.
Аспанымыз әрқашан ашық, бейбіт өмір болсын!

Отан қорғаушылар күнімен!

Сіздерді Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Біздің отандастарымыз үшін бұл мереке батырлық пен табандылық, отансүйгіштік пен Отанға шексіз қызмет етудің нышаны. Келешек ұрпағымызға дейін Отан қорғаушылардың қаһарман ерліктері  ұмытылмайды. Қай дәуірде болмасын, Отан қорғау әр  Қазақстан азаматының қасиетті  борышы  болып  келеді!

Ұлтаралық келісім мен тұрақтылық және достық пен ынтымақтастықтың үлкен шаңырағы – Қазақстан Республикасы мемлекеттігінің қауіпсіздігіне және оны мекендеген ұлттар мен ұлыстардың бейбіт өміріне егемен еліміздің қорғаныс күштері кепіл болады.

Еліміздің өркендеуі жолында атқарып жатқан игі қызметтеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, мол бақыт және бейбіт ғұмыр тілеймін.

Облыс тұрғындарын айтулы мерекемен құттықтаймын. Мықты денсаулық   және Отанымыздың гүлденуі жолында қабылданған бағдарламаларды жүзеге асыруда табыс тілеймін!

1 Мамыр мерекесімен!

62df030031ad4db48034543b890fd92b.jpg

Құрметті солтүстікқазақстандықтар!

Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі бүгінгі таңда бейбіт өмір мен ынтымақ тұрмыс кешіп отырған ел тұрғындары үшін ыстық ықылас пен достық ниеттің дәстүрі, асыға күтер мейрамы.  Қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық - біздің ең маңызды байлығымыз! Бұл жетістікті бағалау, оны сақтау жолында аянбай еңбек ету әрбір Қазақстан азаматының міндеті болып табылады. Еліміздің барша тұрғындарын Қазақстан халқының достығы және бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Баршаларыңызға, әр отбасына, әр қазақстандыққа шынайы көңілмен бақыт-береке тілейміз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Қазақстан халқы өркен жайып, мемлекетіміз молшылыққа, ал әрбір шаңырақ бақыт пен шаттыққа кеңелсін!


626-226 (Call-Орталығы)

150000 Петропавл қаласы, М.Әуезов к-сі, 130