ru
ru
626-226 (Call-Орталығы)

150000 Петропавл қаласы, М.Әуезов к-сі, 130


        «№ 1 қалалық емхана» ШЖҚ КМК-нің
                         ресми сайты

Балалар бөлімшесі

Детское отделение

№1 қалалық емхананың педиатрия бөлімшесі 12 мыңдай балаға қызмет көрсетеді.

  • Бас дәрігердің акушерия, гинекология және педиатрия бойынша орынбасары Көжекбаева Бибігүл Еріқызы ж.т.62-56-26, 313.

  • Педиатрия бөлімшесінің меңгерушісі : Абрамишвили Ирина Робертиновна ж.т.46-59-08.

  • Педиатрия бөлімшесінің аға мейірбикесі: Бондарь Надежда Николаевна ж.т.36-35-33.

  • Мамандандырылған бөлімшенің аға мейірбикесі: Жакитова Торғын Болатқызы ж.т. 53-12-94

Педиатриялық көмекті 11 аймақтық педиатрия бөлімшесі көрсетеді. Сонымен қатар мамандандырылған көмек және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімшесі, күндізгі стационар және клиникалық-диагностикалық зертхана жұмыс істейді.

Жас бүлдіршін пациенттерді емханада қабылдау таңғы сағат 8-ден кешкі сағат 8-ге дейін жүргізіледі. Бір жасқа дейінгі балаларды ай сайын қабылдауға шақырады.

Дені сау бала кабинеті жұмыс істейді. Бұл кабинетте ата–аналар бала күтімі, оларды тамақтандыру, дамыту сұрақтары бойынша кеңес ала алады. Кабинет фельдшерлері емшек сүтімен қоректендіруді қалыпқа келтіруге көмектеседі, бала жасындағы ауруларды интегралды жүргізу бағдарламасының негізгі қағидаларын түсіндіреді.

Әрбір педиатрия учаскесі 3 педиатр маманмен, фельдшермен және мейірбикемен жасақталған. Фельдшер педиатр мен мейірбике арасындағы байланыстырушы звено ретінде жүкті әйелдерге, 1 жасқа дейінгі балаларға патронаж жасайды, шақыру бойынша балалардың үйлеріне барып қызмет көрсетеді, иммунопрофилактиканы жоспарлайды, диспансеризация жүргізеді.

Қабылдау жүргізетін мамандар:

  • Отоларинголог
  • Ортопед және хирург-травматолог
  • Гастроэнтеролог
  • Эндокринолог
  • Невропатолог
  • Инфекционист-гепатолог

Ультрадыбыстық зерттеу, ЭКГ және рентген кабинеттері жұмыс істейді. Емдік дене шынықтыру, массаж, ингаляция кабинеттері бар. Бұл жерде балалар — электрофорез, озокерит, ультрадыбыстық емдеу, жоғары жиіліктегі терапия, оксигенотерапия физиоемшараларын қабылдай алады. Реабилитолог дәрігер әрбір бала үшін сауықтырудың жеке бағдарламасын әзірлейді.

Күндізгі стационар.
Күндізгі стационарда тыныс алу органдары, хирургиялық және лор патологиясы бар, жүйке, ас қорыту, жүрек-қан тамыр жүйелері, көру және іш қуысы аурулары бар балалар ем қабылдайды және оңалтудан өтеді. Мүгедек балаларды оңалту ерекше назарда. Күндізгі стационарда аудио-арома-фитотерапия өткізу мүмкіндігі де бар.

Клиникалық-диагностикалық зертхана.
Бүгінгі күні клиникалық-диагностикалық зертхана мамандармен толық жасақталған. Көпшілігінің жоғары және бірінші санаттары бар. Зерттеулер қазіргі заманғы құралдармен арқылы жүргізіледі, талдау үдерісіне үнемі инновациялық технологиялар енгізіледі. Бұл жұмыстар зертхана жұмысын жеделдету және пациенттерге ыңғайлы болу мүмкіндігін береді.


626-226 (Call-Орталығы)

150000 Петропавл қаласы, М.Әуезов к-сі, 130


Мобильное приложение для записи на прием: