KZ

RU
626-226 (Call-Орталығы)

150000 Петропавл қаласы, М.Әуезов к-сі, 130


        «№ 1 қалалық емхана» ШЖҚ КМК-нің
                         ресми сайты

Қазақстандықтарды әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне тарту жөніндегі шаралар туралы

Қазақстанда экономикалық белсенді халықты әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне тарту бойынша шаралар әзірленді.

Ақпараттық деректер базасын талдау нәтижелері бойынша МӘМС-ке жарналар мен аударымдарды іс жүзінде жүзеге асыратын қазақстандықтар санының төмен деңгейі анықталды. Мәселен, нақты төлеушілер 5 миллионға жуық немесе қазақстандықтардың 25% -нан аспайды. Елдің жекелеген облыстарында көрсеткіш жергілікті халықтың бестен біріне жетпейді.

15 жеңілдікті санаттағы 11,7 миллион азамат МӘМС бойынша медициналық көмекті мемлекет есебінен алатынын естеріңізге сала кетейік.

Әлеуметтік медициналық сақтандыруды қамту жағдайын объективті бақылау және оны ұлғайту бойынша уақтылы және тиімді шаралар қабылдау үшін Денсаулық сақтау министрлігінің жанынан Ведомствоаралық жобалық офис құрылды. Оған өңірлік штабтардың жұмысын үйлестіретін ҚР ДСМ, ҚР Еңбекмині, ҚР Қаржымині МКК, ӘлМСҚ және МӘСҚ өкілдері кірді.

Қазақстандықтарды МӘМС жүйесіне тарту бойынша жұмыс үш негізгі бағыт бойынша жүргізілетін болады.

Біріншісі - қанағаттанарлықсыз, дағдарыстық және төтенше жағдайдағы азаматтарға қатысты жұмыс. Бүгінгі таңда отбасының цифрлық картасының деректері бойынша, әл-ауқаттың осы деңгейлеріне сәйкес келетін қазақстандықтар 2,2 млн. Жергілікті атқарушы органдардың жанындағы штабтар біріншісін жұмыспен қамту шараларымен қамтамасыз ету және екіншісін жеңілдікті санаттар тізіміне енгізу мақсатында олардың арасында экономикалық белсенді және еңбекке жарамсыз адамдарды анықтауы тиіс. Бұдан басқа, осал санаттағы адамдар үшін МӘМС жарналарын ЖАО төлеу тетігі мәселесі пысықталатын болады.

Екінші бағыт ЖАО-ның мемлекеттік кірістер органдарымен өзара іс-қимылы арқылы бейресми жұмыспен қамтылған халықты тарту болды. Олардың бірлескен жұмысы тіркеусіз кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру фактілерін анықтау бөлігінде күшейтілетін болады.

Үшінші бағыт – МӘМС бойынша төлемдерді уақтылы жүргізбейтін жұмыс берушілермен мемлекеттік кірістер органдарының жұмысын жандандыру. Мұнда біз әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі борышкер ұйымдар туралы айтып отырмыз.


Возврат к списку


626-226 (Call-Орталығы)

150000 Петропавл қаласы, М.Әуезов к-сі, 130


Мобильное приложение для записи на прием: