KZ

RU
626-226 (Call-Орталығы)

150000 Петропавл қаласы, М.Әуезов к-сі, 130


        «№ 1 қалалық емхана» ШЖҚ КМК-нің
                         ресми сайты

Қазақстанда саламатты өмір салтын насихаттау бойынша жол картасы іске асырылуда

Денсаулық мәселелері бойынша халықтың сауаттылығын арттыру және саламатты өмір салтын насихаттауды күшейту мақсатында Қазақстанда 2023-2025 жылдарға арналған Жол картасы әзірленіп, іске асырылуда.

Жол картасы спорттық жарыстар мен денсаулық фестивальдері сияқты бұқаралық іс-шараларды өткізуді, белсенді демалыс пен спорт үшін инфрақұрылым құруды, дұрыс тамақтану мәселелері бойынша түрлі іс-шараларды, денсаулық сақтау мекемелерінде денсаулық сақтау саласындағы халықтың сауаттылығын арттыру үшін білім беру бағдарламалары мен консультациялар өткізуді жоспарлайды.

Жол картасының іс-шараларын іске асыру нәтижесінде темекі өнімдерін, алкоголь өнімін және ПАЗ тұтынуды қысқарту; психикалық және репродуктивті денсаулықты жақсарту; жарақаттануды азайту күтіледі.

Жол картасы шеңберінде маңызды әлеуметтік жобалардың бірі - 2025 жылға дейін небәрі 39-ы құрылатын "Саламатты асханалар", "Салауатты кафетерийлер", "Салауатты бистро", "Саламатты дүкендер" дұрыс тамақтану жөніндегі кәсіпорындар желісін дамыту болып табылады. 2 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың тамақтану рационы бойынша ұйымдастырылған балалар ұжымдары үшін бірқатар ұлттық ұсынымдар әзірленетін болады.

Сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде қант қосылған сусындарды, құрамында тұзы жоғары өнімдерді тұтынуды азайту бойынша халықтың арасында белсенді түсіндіру жұмыстары күтілуде.

Сарапшылар халықтың әртүрлі жас топтары үшін дене белсенділігі бойынша ұлттық ұсынымдарды енгізетін болады. Бағыттардың бірі халықтың арасында жарақаттанудың алдын алу (балалардың құлауы, суға батуы, терезелерден құлауы); темекі, алкоголь, ПАЗ тұтыну бойынша ақпараттық - түсіндіру жұмыстарын жүргізу болады. Барлық жерде темекіге қарсы кабинеттер, темекіні тастаушыларға арналған сенім телефондары, темекі шегуден бас тартуға арналған қосымшалар құрылады.


Возврат к списку


626-226 (Call-Орталығы)

150000 Петропавл қаласы, М.Әуезов к-сі, 130


Мобильное приложение для записи на прием: