KZ

RU
626-226 (Call-Орталығы)

150000 Петропавл қаласы, М.Әуезов к-сі, 130


        «№ 1 қалалық емхана» ШЖҚ КМК-нің
                         ресми сайты

Күндізгі стационар

«№1 қалалық емхана» ШЖҚ КМК-да стационарды алмастырушы технологияның бір түрі ретінде күндізгі стационар жұмыс істейді.

Күндізгі стационарда екі дәрігер: терапевт дәрігер С.Б.Мұстафина және акушер-гинеколог дәрігер Л.А.Цой; екі мейірбике және екі акушер жұмыс істейді.

Бұл жерде тәулік бойы қадағалау мен емдеу қажет емес науқастарға күндіз білікті және мамандандырылған көмек көрсетіледі.

Күндізгі стационарда 30 орын бар:оның ішінде 15 орын - Әуезов көшесі, 130 мекенжайы бойынша орналасқан емхананың негізгі ғимаратында және 15 орын - Рижская көшесі, 102 мекенжайы бойынша орналасқан акушериялық-гинекологиялық бөлімше корпусында орналасқан. Стационарда болу уақыты күніне 2-4 сағат, екі ауысымда жұмыс істейді. Стационар жүрек-қан тамыры жүйесі, тыныс алу органдары, сүйек-бұлшықет, несептік-жыныстық жүйе ауруларын емдеу, алдын алу, оңалту шараларын жүргізуге арналған. Емдеу Диагностикалау және емдеу хаттамасына сәйкес жүргізіледі.



626-226 (Call-Орталығы)

150000 Петропавл қаласы, М.Әуезов к-сі, 130


Мобильное приложение для записи на прием: