ru
ru
626-226 (Call-Орталығы)

150000 Петропавл қаласы, М.Әуезов к-сі, 130


        «№ 1 қалалық емхана» ШЖҚ КМК-нің
                         ресми сайты

Зертханалық -диагностикалық бөлімше

Қалалық емхананың бөлімшесі, қазіргі заманғы зертханалық-диагностикалық құралдармен жабдықталған. Бөлімшеде білікті дәрігерлер және орта медицина қызметкерлері жұмыс істейді. Бөлімше меңгерушісі А.Е.Лярский.

Төменде берілген кабинеттерде зерттеудің әр түрлері орындалады. Міндетті түрде учаскелік дәрігердің немесе профилактика бөлімшесі дәрігерінің жолдамасы болуы керек.

Клиникалық зертханалық зерттеу кабинеті

Жұмыс уақыты сағат 8-00-ден 17-00-ге дейін, сенбі, жексенбі – демалыс күні. Жоспарлы түрде материал алу сағат 8-00-ден 10-00-ге дейін, шұғыл көрсеткіштер бойынша сағат 8-00-ден 15-00-ге дейін. Бұл жерде клиникалық зертханалық зерттеулер кешені жасалады: қан және несептің жалпы анализі, қан тобы мен резус факторын анықтау, спермограмма, простата сөлін, Вассерман реакциясына қанды зерттеу, безгекке қан анализі, қандағы глюкозаны анықтау, қақырықтың жалпы анализі, сүртіндінің бактериоскопиясы, флора мен тазалық дәрежесіне әйелдерден алынған сүртінді талдауы, ішекқұрт жұмыртқасы мен қарапайымдыларды анықтауға нәжіс анализі, жасырын қанға нәжісті зерттеу.

Флюорография кабинеті

Жұмыс уақыты сағат 8-00-ден 17-00-ге дейін. Емханаға тіркелген халықты, оқуға түсетіндер, жұмысқа тұратындар, әскерге шақырылатындар, орта білім беру мекемелері мен ЖОО оқушылары профилактикалық байқаудан өтуі кезінде флюрографиялық зерттеуден өткізеді.

Рентген кабинеті

Жұмыс уақыты сағат 8-00-ден 15-00-ге дейін. Өңеш, ұлтабар, жіңішке, жуан ішектің рентгеноскопиялық және рентгенологиялық зерттеуі; кеуде, сүйек пен буын, омыртқа, бас сүйегі, мұрынның қосалқы қуыстарының рентгенографиясы жасалады.

Функциялық диагностика кабинеті

Жұмыс уақыты сағат 8-00-ден 17-00-ге дейін. Бұл жерде ЭКГ – электрокардиограмма, ЭХОКГ – жүрек УДЗ, Тредмил – жүктеме тест (жүрек ишемиясын анықтау үшін), Холтер – ЭКГ тәуліктік мониторинг, СМАД – қан қысымын тәуліктік мониторингтеу, Спирография – ішкі тыныс алу функциясын графикалық зерттеу (автоматты аппаратта), Спирометрия – ішкі тыныс алу функциясын зерттеу, Динамометрия – бұлшықет күшін зерттеу.

Ультрадыбыстық диагностика кабинеті

Жұмыс уақыты сағат 8-00-ден 18-00-ге дейін. Ішкі органдарға ультрадыбыстық зерттеу жүргізіледі: бауыр, өт қабы, ұйқыбезі, көкбауыр, бүйрекбез, қуық, қуықасты безі, жатыр, анабезі, қалқанша безі, сүт бездері, плевралық қуыс, жүктілік кезінде ұрықты зерттеу.

Эндоскопиялық зерттеу кабинеті

Жұмыс уақыты сағат 8-00-ден 17-00-ге дейін. Халықтың мақсатты тобын скринингтен өткізу аясында және медициналық көрсеткіштер бойынша фиброгастродуоденоскопия (өңеш, асқазан, ұлтабарды зерттеу), фиброколоноскопия (жуан ішекті зерттеу), ректороманоскопия (тік ішекті зерттеу) жасалады.


626-226 (Call-Орталығы)

150000 Петропавл қаласы, М.Әуезов к-сі, 130