KZ

RU
626-226 (Call-Орталығы)

150000 Петропавл қаласы, М.Әуезов к-сі, 130


        «№ 1 қалалық емхана» ШЖҚ КМК-нің
                         ресми сайты

Міндетті медициналық сақтандыру жүйесін (ММСЖ) енгізу туралы

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мемлекеттің, жұмыс берушілердің және азаматтардың ортақ жауапкершілігіне негізделген кепілді және міндетті медициналық көмекті қамтамасыз етудің тұрақты жүйесі. Қолданыстағы бюджеттік модельмен салыстырғанда бұл модельдің қосымша жақсы жақтары бар: әлеуметтік бағыты, ММӘС міндетті түрі, Қазақстанның барлық сақтандырылған азаматтарына жынысына, жасына, әлеуметтік мәртебесіне, тұрғылықты жеріне және табыстарына қарамастан медициналық көмекте тең қол жетімділікке кепілдік береді, медициналық ұйымдар арасында бәсекелестік, медициналық қызмет сапасын арттыру, стратегиялық сатып алу, халықтың талабына сай денсаулық сақтау жүйесін қосымша қаржыландыру. Қазақстанда ММӘС енгізу мерзімі 2018 жылғы 1 қаңтардан 2019 жылғы 1 қаңтарға ауыстырылды. (Қазақстан Республикасының салық салу мәселелері бойынша кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңы).

Міндетті әлеуметтік сақтандыру қорының қызметкерлері (2018.16.08.) емхана қызметкерлеріне ММӘС қатысты барлық сұрақтар бойынша ақпарат берді, қызықтыратын сұрақтарына жауап берді.


Возврат к списку


626-226 (Call-Орталығы)

150000 Петропавл қаласы, М.Әуезов к-сі, 130


Мобильное приложение для записи на прием: