KZ

RU
626-226 (Call-Орталығы)

150000 Петропавл қаласы, М.Әуезов к-сі, 130


        «№ 1 қалалық емхана» ШЖҚ КМК-нің
                         ресми сайты

2018 жылғы 1 жарты жылдықта АИТВ инфекциясына тестілеу өткізу туралы

2016 жылдың соңынан бері Петропавл қаласында есірткі заттарын пайдаланудың қауіпті практикетерімен байланысты АИТВ /ЖИТС ауруы бойынша жайсыз жағдай қалыптасқан. Ай сайын жастар арасында инфекция жұқтыру жағдайлары тіркеледі. Осыған байланысты қанда АИТВ антидененің болуы бойынша ғана диагноз қоюға болады. Біздің пациенттердің скринингтік зерттеуден өтуіне аса назар аудару қажет, өйткені ерте анықталған жағдайда емдеуді уақытылы тағайындауға, дені сау бала туу және жақындарын жұқтырудан сақтандыру мүмкіндігі болады.

2018 жылдың 6 айы ішінде 2675 пациент тестіленді (қызмет көрсетілетін халықтың шамамен 5%), өткен жылдың осы кезеңіндегі саны 2599 адам. Көпшілігі имммунтапшылығы барлар клиникалық көрсеткіштер бойынша тексерістен өткендер – 1410 адам, оның ішінде 93 бала (52%). Жүкті әйелдердің тестілеуден өтуі 99,7% құрайды, қан және оның компоненттерінің реципиенттері– 100%. Сонымен қатар ЖИТС ОО жолдамасы бойынша АИТВ инфекциясымен қатынаста болған 5 адам тексерілді, оның 3-і оң нәтиже көрсетті.

АИТВ/ЖИТС инфекциясына тексерістен біздің емханада учаскелік дәрігердің жолдамасы бойынша және анонимді түрде тегін күнде (демалыс күндерінен басқа) тексерістен өтуге болады.

Өз статусыңызды біліңіз және деніңіз сау болсын!!!


Возврат к списку


626-226 (Call-Орталығы)

150000 Петропавл қаласы, М.Әуезов к-сі, 130


Мобильное приложение для записи на прием: