KZ

RU
626-226 (Call-Орталығы)

150000 Петропавл қаласы, М.Әуезов к-сі, 130


        «№ 1 қалалық емхана» ШЖҚ КМК-нің
                         ресми сайты

Бірыңғай ақпараттық күн



Бүгін 20 шілдеде Бірыңғай ақпараттық күн аясында Мемлекет басшысының 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауы бойынша Кашенцева Светлана Тимофеевна сөз сөйледі. Үздік денсаулық сақтау ісі және дені сау ұлт ретінде Мемлекет басшысының денсаулық сақтау саласы алдына қойған міндеттерге тоқталды.

Үкімет қаулысымен Қазақстан Республикасында онкологиялық ауруларға қарсы күрес жөніндегі 2018 – 2022 жылдарға арналған кешенді жоспары бекітілді. Ол Жоспарда келесі тараулар бар: Онкологиялық аурулардың профилактикасы; онкологиялық скринингтік қарап-тексерулердің тиімділігін арттыру; тиімділігі жоғары ерте диагностикалау; көрсетілетін онкологиялық көмек сапасын арттыру; нормативтік-құқықтық базаны мен қаржыландыру тетігін жетілдіру; онкологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыруды жетілдіру; паллиативтік көмекті дамыту; онкологиялық көмекті цифрландыру; Кадр әлеуетін және ғылымды дамыту.

2018 жылдың 5 айы ішінде СҚО-да денсаулық сақтау саласында келесі жағдай қалыптасты: Онкологиялық ауру құрылымында өкпе обыры бірінші орында, екінші орында сүт бездерінің обыры, үшінші орында тері обыры. Онкологиялық ауруларды ерте кезеңінде анықтау артты. Туберкулезбен ауыру көрсеткіші төмендеді.

Бүгінгі күні ҚР ДСМ ақпараттық жүйелері мен локалды медициналық ақпараттық жүйелер арасында интеграциялық өзара әрекеттесу іске асырылды және пайдалануға берілді.

2018 жылы М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде «Жалпы медицина» және «Фармация» мамандықтары бойынша медициналық факультеттерді ашу жоспарланған.


Возврат к списку


626-226 (Call-Орталығы)

150000 Петропавл қаласы, М.Әуезов к-сі, 130


Мобильное приложение для записи на прием: