KZ

RU
626-226 (Call-Орталығы)

150000 Петропавл қаласы, М.Әуезов к-сі, 130


        «№ 1 қалалық емхана» ШЖҚ КМК-нің
                         ресми сайты

2018 жылдың 5 айы ішінде жіті ішек инфекциясымен ауыру жағдайы

СҚО Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті жіті ішек инфекциялары ауруларының эпидемиологиялық жағдайының алаңдататынын хабарлайды. Ағымдағы жылдың 5 айында 258 жағдай тіркелген, өткен жылдың осы кезеңінде 183 болған ( 43% артқан). 100 мың адамға шаққанда ауру көрсеткіші 46,1 құрайды (ҚР бойынша– 18,7). Негізінен 14 жасқа дейінгі балалар ауырады (жағдайды жалпы санынан 85%). «Қауіп» тобына негізінен екі жасқа дейінгі балалар жатады. Жұқтыру себептері: жеке гигиенаның сақталмауы (кір қол, жуылмаған жемістер және т.б.), емшек сүтінен айырып, бірден аралас тамаққа көшіру, тамақ дайындау технологиясы мен өнімдерді сақтау жағдайының бұзылуы.

Инфекцияның берілу факторлары - көкөністер мен жеміс-жидектер (34%), сүт өнімдері мен үйде дайындалатын өнімдер (18%), жеке гигиенаның сақталмауы (48%).

1 маусымнан бастап 10 маусым аралығында Петропавл қаласында 2017-2019жж арналған кешенді жоспарға сәйкес жіті ішек инфекциясының алдын алу бойынша екі айлық өткізіледі. Негізгі басымдық бағыттары: ЖІИ топтық және өршуінің алдын алу, жіті ішек инфекциясынан өлім-жітімділікті болдырмау, санитарлық –ағарту жұмысы, халықтың гигиеналық оқуы.


Возврат к списку


626-226 (Call-Орталығы)

150000 Петропавл қаласы, М.Әуезов к-сі, 130


Мобильное приложение для записи на прием: