ru
ru
626-226 (Call-Орталығы)

150000 Петропавл қаласы, М.Әуезов к-сі, 130


        «№ 1 қалалық емхана» ШЖҚ КМК-нің
                         ресми сайты

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні — тарихы тереңде жатқан елдің жаңа заманда өз алдына қайта егеменді ел болған күні. Тәуелсіздік күні мерекесі әр жылдың 16 желтоқсанында аталып өтеді. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстанның Жоғарғы кеңесі Республиканың тәуелсіздігі мен мемлекеттік егемендік туралы заң қабылдады.

Қазақстан Республикасы тәуелсіз жас мемлекет . Өткен кезең ішінде еліміз саясат, экономика, білім, мәдениет және тағы басқа салаларды дамытуда үлкен жетістіктерге жетті. Бүгінгі таңда біздің еліміз әлемдік өркениетте өзінің айшықты орнын алған мемлекетке айналды. Қазақстан өзінің экономикалық дамуының жаңа үрдістерімен де сыртқа таңылып, өз ішінде сан ұлттардың ынтымағын жарастырған ел екендігін көрсетіп, саяси тұрақтылықтың арқасында өрелі биіктерге қол созды.

2017 жылғы 14 желтоқсанда біздің мекемеде атаулы күнге арналған салтанатты жиын өтті. Басшымыз С.Т.Кашенцева емхана ұжымын Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтап, қызметкерлерге грамоталар табыс етті. Салтанатты жиын шығармашылық ұжымдардың мерекелік концертіне ұласты.


Возврат к списку


626-226 (Call-Орталығы)

150000 Петропавл қаласы, М.Әуезов к-сі, 130